Нұрлан Ноғаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Маңғыстау облысының Ислам Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 32,2 млн долларды құрады. Бұл туралы Нұрлан Ноғаевтың Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Джоукар Али Акбар бастаған делегациямен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы Елшісі Джоукар Али Акбар, елшіліктің сарапшысы Дехнаги Фирузабади, Иран Ислам Республикасының Ақтаудағы бас консулы Хашеми Голамреза қатысты.

Тараптар Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын, соның ішінде сауда, туризм, және екі ел арасындағы көлік тасымалы, сондай-ақ Маңғыстау мен Иран Мазандаран, Гилан және Гулистан провинциялары арасындағы қатынастардың одан әрі жандануын талқылады.

Маңғыстау облысының Иран Ислам Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 32,2 миллион долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артқан (29 миллион доллар). Оған жалпы көлемі 2,2 миллион долларды құрайтын темір құбырлар, қара темір сынықтары, арпа сияқты экспорт өнімдері және 30 миллион доллар көлеміндегі жемістер, көкөністер, цемент, жаяужолға арналған тақталар және басқа да тауарлар кіреді.

Облыс әкімі сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және Иран тарапынан қосымша инвестицияларды тартуға қызығушылық білдірді. Нұрлан Ноғаев Иран Ислам Республикасының өңірдің сыртқы сауда қатынастарындағы маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Маңғыстау облысында теңіз жағалаудағы жолаушылар көлігі, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс және көлік-сервистік қызметтер, азық-түлік өнімдерін және құрылыс тауарларын сату сияқты экономиканың түрлі салаларында Иран капиталының қатысуымен 58 кәсіпорын тіркелгенін айтты.

Өңір басшысы Иран елшісіне алғысын білдіріп, бұл кездесу екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бастамасы болатынына сенім білдірді.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканың өсуі мен әртараптандырылуына қол жеткізудің негізгі факторларының бірі инвестициялар тарту және индустрияны дамыту болып табылады. Баршаға мәлім, Маңғыстау-Қазақстанның жетекші және маңызды өңірлерінің бірі, ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Бүгінгі кездесу екі ел арасында жаңа бастама болатынына сенімдімін, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3655 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить