Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Эдвин Глусманмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының барлық өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылды талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтауға уағдаласты.
Вам может быть интересно: «Словакия выдворила российского дипломата»
