Жылдың басты додасы саналатын Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Осы орайда аталмыш жарысты талдап шығуды жөн көрдім.
Қазақ спорты үшін басты дода — Олимпиада екендігі белгілі. Алайда 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындарында 100-100-ден астам ғана жерлестеріміздің өнерін тамашалай аламыз. Ал жазғы Азия ойындарына Қазақстан құрамасы ең көп спортшысын жібереді. Мысалы, 2010 жылы Гуанчжоудағы жазғы Азия ойындарына 476 спортшы қатысса, биыл рекордтық 525 отандасымыз жүлдеге таласады.
Яғни, бұл қай өңір спортқа қаншалықты көңіл бөліп жатыр? Қай өңір алда және артта т.б сұрақтардың жауабын анықтауға керемет мүмкіндік болмақ.
Естеріңізде болса, 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарына Қазақстан 419 спортшысын жіберіп, ең аз 15 алтынмен антирекордты жаңартқан едік.
Дегенмен, 5 жыл бұрынғы жарысты қазіргі салыстыруға келмейді. Неге? Біріншіден, Азия ойындарында алғаш рет 9 спорт түрінен Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады. Екіншіден, жерлестеріміз бірнеше жаңа спорт түрлерінен жүлдеге таласады. Оның ішіне шахмат (жеке, команда, жылдам шахмат сайысы), киберспорт (6 ойын түрінен жүлдеге таласады), бокс (2018 жылғымен салыстырғанда қыздар салмағы артты, ерлерде ауыр салмақтар қосылды), спорттық гимнастика, брейкинг кіреді.
йта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 23 қыркүйек — 8 қазан күндері аралығында өтеді.
