Мажарстандағы халықаралық саммитте отбасылық-демографиялық саясаттың қазақстандық моделі ұсынылды

Мажарстанның астанасында «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында V Будапешт демографиялық саммиті өтті.

Бұл халықаралық Саммит екі жылда бір рет өткізіледі және саясаткерлер, сарапшылар, дін, бизнес, ғылым және БАҚ өкілдері демография және отбасы институтына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайтын алаң болып табылады.

Биылғы Саммитке 60 елдің өкілдері қатысты.

Мажарстан тарапының шақыруымен саммит жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы А.Балаева қатысты.

Министр Мажарстан, Катар, Түркия, Сербия, Словения, Марокко, Эквадор және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірге министрлердің интерактивті панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Аида Балаева өз сөзінде «Жас ұрпақ дәл осы отбасылық институты құндылықтарын, сүйіспеншілік пен қамқорлықты сіңіреді, соның арқасында жастар болашақта өз шаңырағын көтеру үшін өздерін қауіпсіз әрі мықты сезіне алады», - деп мемлекеттің тұрақты дамуы үшін отбасы институтының маңызды рөлін атап өтті.

Министр «Қазақстан – көп этносты мемлекет. Елде 100-ден астам этнос пен 18 діни конфессия өкілдері тұрады», - деп Қазақстандағы бірқатар демографиялық ерекшелікті атап өтті.

Еліміздің маңызды ерекшеліктерінің ішінде А.Балаева: «Қазақстан - жастардың елі, қазақстандықтардың орташа жасы – 32 жас. Жастар халықтың 30%-н құрайды» - деп қазақстандықтардың орташа жасын да атап өтті.

Министр өз сөзін жалғастырып, «Демографтар тәуекелдерге тоқталады, десе де біз мемлекеттегі жастықтың энергиясын даму мүмкіндіктеріне айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін саламыз. Бұған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барынша назар салып отыр» - деді.

Сонымен қатар, Қазақстандық саясаткер Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатын қалыптастырудың институционалдық негіздерін, оның ішінде реформалар мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу процесіне елеулі әсер ететін проблемаларға тоқталып, оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар, Аида Балаева келесі Саммитте жаңа медианың құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсері және заманауи сын-қатерлердің алдын алудағы отбасының рөлін арттыру тақырыптарын талқылауды ұсынды.

Саммит алаңдарында бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Атап айтқанда, Венгрияның мәдениет және инновациялар министрі Я.Чакпен және Әзірбайжан Ұлттық Жиналысының төрағасы С.Гафаровамен.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және екі елдің отбасылық-демографиялық сала мен мәдени-гуманитарлық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылын арттыруға қызығушылықтарын білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4761 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить