Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам жұмылды

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты.

14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.

Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сол сияқты 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2978 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить