Мемлекет басшысы GE Healthcare компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша президенті Роб Уолтонмен кездесті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа GE Healthcare компаниясының елімізде ультрадыбыс аппараттары өндірісінің жергілікті үлесін арттыру және алдағы уақытта компьютерлік томография, ангиография және маммография құрылғыларын шығару жоспары туралы мәлімет берілді.

Президент бұл бастама отандық дәрі-дәрмек пен медициналық техника өндірісінің үлесін 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін арттыру міндетіне толықтай сай келетініне назар аударды.

Роб Уолтон мемлекет басшысына GE Healthcare компаниясының Қазақстанда клиникалық бейнелердің орталықтандырылған ұлттық цифрлық мұрағатын құруға ниетті екенін жеткізді. Бұл шара науқастардың мәліметін басқару ісін оңтайландырып, нәтижесінде көрсетілетін қызмет құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ компания Астана медициналық университеті базасында GE Healthcare академиясын ашу арқылы денсаулық сақтау жүйесі мамандарының біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Оқу орны биыл қазан айында қызметіне толық кіріседі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды жобалар бойынша GE компаниясымен стратегиялық серіктестікке жоғары баға берді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен GE Healthcare арасында GE Healthcare компаниясының инвестициялық жобасын жүзеге асыруға қатысты негізгі шарттар туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

***

GE Healthсare компаниясының әлемнің 140-тан астам елінде өкілдігі бар. 2022 жылы компанияның таза табысы – 19 миллиард доллар. Ал нарықтағы құны 34,5 миллиард долларды құрады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1988 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить