Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бірыңғай майдан бөлімі меңгерушісінің орынбасары Пань Юэмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың бейінді ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету тақырыбын талқылады.
Ә. Бақаев сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасы Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы хабардар етіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастардың ағымдағы жағдайы туралы айтты.
Өз кезегінде Пан Юэ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға, еліміздің теңдестірілген сыртқы саясатына, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларға және Қазақстан-Қытай қатынастарының қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.
Кездесудің соңында тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға уағдаласты.
Сонымен қатар, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы мен ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Пан Юэмен кездесу өткізді. Тараптар өз ведомстволарының қызметі туралы өзара хабардар етіп, одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Вам может быть интересно: «Незаконно используемые земли возвращают в пастбищный фонд в Костанайской области»
