Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы геологиялық кластер жобасының құрылысын қарады. Белгілі болғандай, үлкен кешен 2024 жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастамақ. Құрылыс бұрынғы «Жезқазғангеология» геологиялық экспедициясының аумағында жүзеге асырылуда.
Қазба жұмыстарының техникалық және кадрлық ресурстарын біріктіретін жоба жеке компанияның инвестициялық қаржысына жүзеге асырылуда. Нысанның құрылысы аяқталған соң, 150 адам жұмыспен қамтылады.
Қазіргі таңда «Kazakhmys Barlau» ЖШС құрылыстың егжей-тегжейлі жоспарын әзірледі, тозығы жеткен және апатты ғимараттарды бұзып, ол жерлерде жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күні Ұлытау облысы бойынша 19 учаскеде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол міндет «Kazakhmys Barlau» мамандарына жүктелген.
«Kazakhmys Barlau» ЖШС Бас директоры Ғалым Нұржановтың айтуынша өте терең орналасқан немесе құрамында элементті қоспасы бар шикізатты технологиямен бөліп алып шығатын ғылым қажет. Ал геологиялық кластер сол ғылымды Жезқазған өңірінде дамыту үшін салуда.
Вам может быть интересно: «Байден на Генассамблее ООН: противостоять агрессии сегодня, чтобы сдержать потенциальных агрессоров завтра»
