Калгари қаласында энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша алғашқы қазақстандық-канадалық «дөңгелек үстел» өтті

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауын іс жүзінде іске асыру мақсатында Канаданың мұнай-газ астанасы Калгари қ. ҚР Елшілігінің қолдауымен ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиевтің қатысуымен энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша алғашқы Қазақстандық-канадалық «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Калгаридегі 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінің (ДМК) жұмысына қатысуы шеңберінде өткізілді.

Бизнеспен кездесу аясында А.Сәтқалиев Қазақстанның отын-энергетика секторын одан әрі дамыту жөнінде жан-жақты көзқарасын ұсынды. Президент Қ.Тоқаевтың жаңартылатын энергетиканы дамыту, елді газдандыру,
ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі соңғы бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшу жөніндегі тәсілдері ерекше қызығушылық тудырды.

Өз сөздерінде «Cameco Corporation» компаниясының аға вице-президенті Ш.Куинн, «Hatch» жаһандық директоры М.Прайс, «Condor Energies» президенті Д.Стрю Қазақстанның энергетикалық әлеуеті толық ашылмағанын және айтарлықтай тәжірибесі мен озық технологиялары бар канадалық компаниялар бұл процеске ықпал ете алатынын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара аясында қазақстандық тарап ДМК-ға қатысушы елдердің энергетика министрлерімен, Альберта, Ньюфаундленд және Лабрадор провинциялары және Канада Үкіметінің мүшелерімен, сондай-ақ бірқатар ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен ҚР аумағындағы перспективалық жобаларды талқылау мақсатында екіжақты келіссөздері өткізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2259 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить