Ақтау қаласының әкімі тағайындалды

Бүгін, 20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қызметінен өз еркімен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына қала әкімі лауазымына жаңа кандидатты ұсынды.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ұлықбек Тналиев болды.

Ұлықбек Тналиев Атырау мұнай және газ институтының бакалавриатын "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығы бойынша бітірген, "Техника ғылымдары" магистрі, сондай-ақ "Экономика және бизнес"магистрі академиялық дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.
Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін-Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

Қалалық мәслихат депутаттары Тналиевтің кандидатурасын қолдады.

Нұрлан Ноғаев Ербол Ізбергеновке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Ұлықбек Тналиевке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3784 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить