Жамбыл облысында ирригациялық қондырғылар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «VODAR» компаниясының басшылығымен кездесті.

Қытайдағы ең ірі жаңбырлатып суару қондырғыларын өндіруші болып табылатын компания облыста суару жабдықтарын шығаратын зауыт салуға ниетті.

Айта кету керек, «VODAR» суару жүйелері әлемнің 26 еліне, соның ішінде Австралия, Венгрия, Моңғолия, АҚШ-қа экспорттауды жолға қойған.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығын атап өтіп, су ресурстары және ирригация министрлігін құруды тапсырған болатын. Биыл жамбылдық шаруалар үшін оңай болмады. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын күшейту керек. Бұдан басқа да, су қоймаларын салу, каналдарды жөндеу бойынша да шаралар қабылдануда. Біздің облыс жер асты су ресурстарына да бай. Бұл ретте ұңғымалар қазу жұмысына аса көңіл бөлген жөн. Осы орайда субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Енді шаруа қожалықтарының ұңғымаларды бұрғылаудағы шығындарының 80 пайызы субсидияланатын болады, - деді облыс әкімі.

«Vodar» компаниясының басшысы Жоу Чуангоу кәсіпорынды «ХимПарк Тараз» АЭА аумағында салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, өндірістің қуаттылығы – жылына 300-ден астам жаңбырлатып суару қондырғысын құрайтындығын айтты.

- Сіз бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі ретінде де бірлескен жобаларға ерекше назар аударған едіңіз. Қолдауыңыз үшін алғыс айтамын және өзара тиімді ынтымақтастыққа жұмыс жасаймыз деп ойлаймын, - деді ол.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2210 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Диагноз казахстанской экономике

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить