Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.

Қазақ палуаны санаулы сәттер бұрын (72 кг) Моңғолия мықтысы Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған (11-0).

Жәмилә осыған дейінгі 2 дүниежүзі бәсекесінің ақтық айқасына жолдама алып, 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлделермен қайтқан.

«Жартылай финалда жеңіліп жатқан соң Жәмилә тәуекелге барды. Сол кезде тактика жағынан қате жіберді. Жәмилә чемпионат қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде тұмауратып қалған. Содан жаттығуды бірнеше күнге тоқтаттық. Соның салдарынан мұнда толық бабында келе алмады. Моңғолиялық палуан осал емес. Лайықты қарсылық көрсетті. Осыған дейін Жәмилә екеуі бірнеше рет күрескен. Барлық кездесу осындай қиын болған-ды. Енді ертең қола медаль үшін белдесуге дайындаламыз. Келе жатқан Азия ойындарында ол 76 кг салмақта бақ сынайды. Бұл Жәмиләнің өз салмағы деп айта алам»,-деді Жәмиләнің бапкері.

Айта кетейік, Бақбергенова бүгінгі жарыс күнін 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагидың (Сербия) жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан айласын асырды (7-1).

Ертең финалда Даваанасан америкалық Амит Элормен күш сынасады. Ал Жәмилә мен франциялық Кендра Дашенің қола медаль жолындағы қарсыласы күндіз анықталады.

Осы тұста Жәмилә Бақбергенова (72 кг салмақта) сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ палуаны екенін айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Қазақстандық палуан чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта бақ сынап, тәжірибелі Эльмира Сыздықованың орнын жоқтатпауға тырысады.

Сондай-ақ бүгін сынға түскен Ұлттық құрама сапындағы Алтын Шағаева (53 кг) 1-айналымда қытайлық, Ирина Кузнецова (62 кг) 2-белдесуінде германиялық, Елена Шалыгина (68 кг) 2-белдесуінде Моңғолия спортшысынан жеңіліп қалды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2064 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: Каждой семье - по квартире!

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить