Қазақстанға жазғы маусымда 448 мың шетелдік турист келді

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығындағылар.

Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Ал, екінші орында Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.

Еліміздің батысы да шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.

«Сондай-ақ Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген. Жалпы алғанда, жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деп болжануда»,- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1933 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить