Орталық Азия мен Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлері бірлескен мәлімдеме жасады

Қытайдың Янлин қаласында «Қытай – Орталық Азия» форматындағы ауыл шаруашылығы министрлерінің бірінші кеңесі өтті. Қазақстандық делегацияны вице-министр Ербол Тасжүреков басқарды. Кездесу Орталық Азия мен Қытайдағы өңірлік тұрақтылықты нығайту және ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы маңызды кезең болды.

Қатысушыларды құттықтай отырып, Ербол Тасжүреков бүгінде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, көрші елдермен, оның ішінде логистика, азық-түлік тауарлары саудасы және тамақ өнімдерінің жалпы қауіпсіздік стандарттары мәселелері бойынша іс-қимылдарды үйлестіру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, вице-министрдің пікірінше, сауда байланыстарын кеңейтуге және нығайтуға: сауда кедергілерін жоюға, ветеринария және фитосанитария саласындағы қауіпсіздік сертификаттарын өзара тануға, елдер арасында азық-түлік тауарларын ілгерілетудің «жасыл дәліздерін» құруға назар аудару қажет.

Ол сондай-ақ Қазақстан өңіраралық ынтымақтастықты жандандырудың оң үрдісін толық қолдайтынын және оны ілгерілетуге дайын екенін айтты.

Бірінші кеңестің қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрлері басым бағыттар бойынша АӨК-те инвестициялық және сауда ынтымақтастығын одан әрі тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Атап айтқанда, тараптар «Қытай-Орталық Азия» форматында ауыл шаруашылығы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құруға келісті.

Сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Қытай ауыл шаруашылығының негізгі салаларында өзара инвестицияларды ынталандыратын болады. Агропарктер, қойма және логистикалық объектілерді бірлесіп салуда қолдау көрсетілетін болады.

Бұдан басқа, тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кедендік ресімдеу тиімділігін арттыру және импорттық өнім карантині үшін бекіту рәсімдерін жеделдету негізінде Қытай мен Орталық Азия елдерінің нарықтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара қолжетімділігін тұрақты кеңейтуге жәрдемдесуге уағдаласты.

Негіздеменің тағы бір тармағы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту болды.

Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Янлин институтының ғылыми қызметкерлерімен ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша бірнеше кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, олар әлемнің құрғақ елдерінде өнімділікті арттыру үшін арнайы әзірленген тамшылатып суару технологияларын пайдалану бойынша эксперименттік аймаққа барды

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3895 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить