Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды

Саран қаласында жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға Саран қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Еркін Баулықов тағайындалды.

Жаңа қала басшысын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында таныстырды.

Депутаттар кандидатураны мақұлдады.

Облыс әкімінің орынбасары қаланы дамытудың басым бағыттарын белгілеп, Саранның жаңа басшысының алдына міндеттер қойды.

Еркін Баулықов 2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, елордада ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде еңбек етті. Содан кейін Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап осы тағайындауға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3871 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить