Қазақстан мен БАӘ ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниетін растады

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Әмірліктер қатынастарының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық аренада екі мемлекеттің саяси диалогы мен өзара қолдауының жоғары деңгейін атап өтті.

М.Нұртілеу осы жылдың қаңтар айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бергенін, оның шеңберінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

ҚР СІМ басшысы БАӘ Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін және орта мерзімді перспективада өзара сауда көлемін 1 млрд АҚШ долларына жеткізу мақсаты бар екендінін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулер мен сапарлардың кестесін талқылап, жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тығыз байланыстарды қолдауға келісті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
16144 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить