Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары БҰҰ Бас Ассамблеясының ааясында кездесті

Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, министрлер алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу Астана мен Будапешт арасындағы стратегиялық әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

Еуропалық одақтағы жақын және сенімді стратегиялық әріптес - Мажарстанмен берік байланыстарымызды жоғары бағалаймыз. Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз айтарлықтай өсіп келеді және Қазақстан 700 млн АҚШ долларына дейін 95 тауар өнімдерінің экспорттын ұлғайтуға дайын – деді М. Нұртілеу.

Қазақстан СІМ басшысы Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасын жалғастыруға баса назар аударды, оның шеңберінде мажар тарапы қазақстандық студенттерге жыл сайын Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға 250 білім беру грантын ұсынады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты алаңдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
16125 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Жаксылык Сабитов: Почему Кунаев стал ролевой моделью для Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить