Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Чжо Тэ-икпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың дамуы мен көпжақты форматтағы ықпалдастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.
