Осы демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті өңірлік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жолы өз өнімдерін Алматы және Жетісу облыстарының шаруалары ұсынады. Жәрмеңке дәстүрлі түрде сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана әкімдігі Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, екі облыс жеткізген өнімнің жалпы көлемі 400 тоннадан және 50 түрден асады.
«Бұл ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, көкөніс, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар және т.б. Бұл жәрмеңке облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы нарықтық бағадан төмен болады.
Астанада өңірлік жәрмеңкелер жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын жәрмеңкелерге қатысқысы келетін шаруалар саны артып келеді. Өңірлерден 70 немесе одан да көп шаруалар келеді. Сондықтан жәрмеңкелерге арналған орындар үлкен және бос болуы керек, сонымен қатар жүк көліктері үшін де, сатып алушылар үшін де ыңғайлы болуы керек», – деді Мақсат Жаңабаев.
Алматы облысының тауар өндірушілерін елордада Қонаев қаласы мен облыстың 9 ауданының атынан қатысады.
Осы облыстың шаруалары жалпы сомасы 205,7 млн теңгеге 186,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкелді: ет өнімі – 22,5 тонна, сүт өнімі – 5,9 тонна, көкөніс өнімі – 22,9 тонна, балық өнімі – 2,5 тонна, жеміс-жидектер – 22 тонна, картоп – 21,6 тонна, бал – 1,8 тонна, өзге де өнім – 87,2 тонна.
Жетісу облысынан Талдықорған және Текелі қалалары, сондай-ақ 8 аудан қатысады. Ауыл шаруашылығы өндірушілері жалпы сомасы 500 млн теңгеге 214 тоннадан астам тауар әкелді. Олардың ішінде: ет өнімдері – 21,6 тонна, балық өнімдері – 7 тонна, сүт өнімдері – 14,3 тонна, картоп – 13,4 тонна, көкөніс өнімдері – 19,8 тонна, жеміс-жидектер – 8,1 тонна, өзге де өнімдер – 134,6 тонна.
