Астанада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында өткен сенбіліктерге 66 мыңнан астам адам атсалысты

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Экологиялық айлық аясында бүгін жалпықалалық сенбілік өтті. Астананың тазалығына айлық аясында 66 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жалпықалалық тазалық іс-шарасына бизнес өкілдері, кәсіпорындар, ұйымдар, оның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атсалысты.

Коммуналдық сенбілік аясында 1240 жасыл желек отырғызылды. Сенбіліктер аясында бүгінге дейін ауданы 1 млн 360 мың шаршы метрден астам саябақтар мен алаңдар тазартылды. 108 бірлік тиеу техникасы және 215 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.

Биыл 16 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығындағы кезеңде сенбілікке 66 мыңнан астам адам қатысты. 2400-ден астам жасыл желек отырғызылды. Астана қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 108 тоннадан астам қалдық жиналып, тасымалданды.

Айта кетейік, елордада «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7158 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить