Үкіметте кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралды

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметіндегі проблемалық мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Әділетмині, Көлік министрлігінің және облыс әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңесте "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының өткізу қабілетінің төмендігі, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті көптеген бұзушылықтар мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді; заманауи цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, багажды қабылдау және тапсыру технологиясын жаңғырту; "Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының" штат санын ұлғайту; электрондық кезектің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Ақпараттық жүйелерді толыққанды интеграциялау.

Сондай-ақ, Қытай тарапымен Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді енгізуді жеделдету; жеке тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік бақылауды жақсарту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды және шаралар қабылдауды күшейту тапсырылды. Кеңесте берілген тапсырмаларды іске асыру және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында нақты іске асыру мерзімдері көрсетілген Жол картасы әзірленіп, мақұлданды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1676 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Президент авиакомпании Питер Фостер — о доходах в кризис, новых рейсах и развитии FlyArystan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить