Нидерланды Жоғарғы соты KMG Kashagan-дағы акцияларға тыйым салудың күшін жоюды растады

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Нидерланды Жоғарғы сотында сомасы 4 млрд АҚШ долларына тең KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына байланысты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Trading Ltd (Стати) қарсы іс жүргізуде түпкілікті жеңіске жетті.

2022 жылғы маусымда Гаага Апелляциялық соты Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алған төрелік шешімді орындау мақсатында қойған Самұрық-Қазынаға тиесілі KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына салынған тыйымның күшін жойды.

Әділет министрлігі Самұрық-Қазынамен бірлесіп, қордың мүлкін өндіріп алудан иммунитетке ие екендігін дәлелдейтін маңызды дәлелдер ұсыну бойынша кешенді жұмыс атқарылды.

2023 жылғы 22 қыркүйекте Жоғарғы сот Статидің бұл шешімге шағымын қабылдамады, бұл акциялар әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес орындалудан иммунитетке ие болғанын растады.

Жоғарғы Сот «Статидің шағымы Апелляциялық соттың шешімін қате түсіндіруге негізделген және сот Самұрық-Қазынаның жарғылық мақсатын шешуші деп санады және Қордың нақты қызметін елемеді деген болжамнан туындады.

Бұл ретте, Жоғарғы сот Апелляциялық сот дұрыс қорытындыға келгенін: Стати Самұрық-Қазына акциясының коммерциялық айналым объектісі ретінде тағайындалуын дәлелдей алмады деп атап өтті».

Әділет министрлігі шетелдік юрисдикцияларда мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1834 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить