Байден приветствовал предварительную договоренность о прекращении забастовки голливудских сценаристов
Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын тұрақты негізде кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Үндістанның "IndiGo" лоукостер әуе компаниясы А–320 және А-321 типті әуе кемелерімен аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Дели-Алматы бағыты бойынша Қазақстанға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосты.
Дели мен Алматы қалалары арасындағы бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 69% құрады.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда - экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Айта кетейік, "IndiGo" - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және болатын 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).
Вам может быть интересно: «Казахстанские компании увеличили экспорт услуг на 16,7% в 2023 году»
