Марат Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопэнмен көлік саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Кездесуде көлік-логистика, автожол және авиация салаларының бағыттары бойынша нақты мәселелер талқыланды. Осылайша өткен жылы екі ел арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткіш 23,2 млн тоннаға дейін жеткен, биыл бұл көрсеткішті 27 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Министр отыз күнге дейін өзара визасыз режимді енгізу өз кезегінде тасымалдың ұлғаюына ықпал етіп, транзиттік әлеуетті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Тараптардың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бүгінгі таңда стратегиялық маңызға ие әрі екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін айтарлықтай арттыруға қабілетті. Келіссөздер барысында аталған халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қоюда қыруар жұмыс атқарылғаны атап өтілді. Сонымен қатар инфрақұрылымдық кешенді дамытуға және өткізу қуатын арттыруға байланысты жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселесіне келетін болсақ, бүгінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында аптасына 22 тұрақты рейс орындалады. Осы айда Ханчжоу-Алматы бағыты бойынша тағы бір тұрақты рейс іске қосылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2008 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3789
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2443
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3198
Forbes Video

Бахт Ниязов: как живет венчурный инвестор в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить