Түрік инвесторлары Маңғыстауда бірнеше жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Albayrak Holding түрік компаниясының басқарушы кеңесінің мүшесі И.Караджа, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Түрік Республикасының Бас консулы С.Әлптекинмен кездесті. Жүздесуде түрік тарапы теңіз қызметтері, Маңғыстау облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған бірнеше жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Albayrak Holding-80-ге жуық компаниялар мен брендтерден тұратын Түркияның ірі холдингі және жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, логистика, БАҚ және туризм сияқты 20-дан астам секторда қызмет көрсетеді.

Компания осы уақытқа дейін теміржол вокзалдары, метро, ауруханалар, фабрикалар, сауда орталықтары және тұрғын үйлер салу сияқты көптеген маңызды жобаларды сәтті жүзеге асырған.

Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін 86 түрік кәсіпорыны тіркелген, соның ішінде тұрғын үй құрылысы, мейрамханалар және азық-түлік жеткізу қызметтері бар.

Сондай-ақ, туризм саласында түрік инвесторларының қатысуымен 2020-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 200 млрд.теңгеден астам инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы өңірге инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға және жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуіне ықпал ететін барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3199 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Ермек Турсунов: Мне не нравится жить в этой стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить