Шымкентте кәріз жүйесінің қуаттылығын арттыратын жоба жүзеге асырылады

Шымкент қаласында қазір тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған нысанға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Жасыл қала» бағдарламасы аясында қолға алынған кәріз тазарту ғимараты құрылысының жобалық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны Еуропалық Даму және қайта құру банкі жартылай қаржыландырады. Ал мемлекеттік қолдау — 1,75 млрд теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіледі.

Айта кетейік, жалпы бүгінде қалада тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр су өңдейтін тазарту ғимараты жұмыс істеп тұр. Бұл қуаттылық халқы жыл сайын артып жатқан үшінші мегаполиске аздық етеді. Сонымен қатар, көктем мен күз айларында кәріз тазарту ғимаратына тәулігіне 160—170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды су қосылады.

Бүгінде «Шымкент Сити» және Тұран шағынауданында тұрғын саны 80 мыңды құрап отыр. Осы орайда 2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағынауданы және Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үй қосылады. Бұл елдімекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғын 264 мыңнан асады.
 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1871 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3786
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: Каждой семье - по квартире!

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить