Премьер-Министрдің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы Г.Т. Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен 2023 жылғы 12 қаңтардағы цифрландыру және дебюрократизация мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының (азаматтар мен бизнестің өмірін жақсартуға бағытталған бастамалар) 2-тармағын орындау үшін Министрлік «АЖС-да мұнай өнімдерінің болуы жөніндегі сервисті» әзірлеп, Smart Bridge платформасында оны жариялады.
Азаматтардың жанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің болуы туралы ақпаратқа жедел қол жеткізуін және оны кеңейту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, Telegram мобильді қосымшасында «@AZSkz_bot» мекен-жайы бойынша жанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің мөлшерін көрсетететін Telegram ботын әзірлеп, оны іске қосты.
Вам может быть интересно: «Власти Германии запретили ультраправую группировку Artgemeinschaft»
