Алматы Орталық Азиядағы Seegene жетекші оңтүстік кореялық медициналық концерннің өңірлік хабына айналады

Сеулге жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Seegene медициналық қорының (SMF) және Open Healthcare Inc компаниясының төрағасы Чхон ЧонГимен кездесу өткізді. SMF-Оңтүстік Кореяның медициналық диагностика және зертханалық зерттеулер саласындағы көшбасшы.

Талқылаудың маңызды қорытындысы Алматының Орталық Азиядағы SMF өңірлік хабы болып белгіленуі туралы ұсыныс болды. Оңтүстік Корея компаниясы Алматының медицина саласына шамамен $30 млн инвестиция салуға ниетті. Атап айтқанда, жаңа клиника салу, клиникалық зертханаларды жаңғырту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде емхана мен медициналық зерттеу орталығын басқару әдістемесіне денсаулық сақтаудың корей моделін зерделеу және енгізу, сондай-ақ тіркеу деректерін өңдеу рәсімін оңтайландыру, өзін-өзі диагностикалау құрылғылары мен телемедицинаны дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.

«Бүгінде бүкіл әлемде денсаулық сақтау біртіндеп емдеу үлгісінен диагностикаға көшуде. Бұл аурулармен күресте, азаматтардың денсаулығын қорғауда тиімді жол. Пандемия көрсеткендей, әлем жаңа сын - тегеуріндердің алдында тұр: медициналық орталықтарды заманауи зертханалармен жабдықтауға және зерттеулер жүргізуге назар аударатын елдер ғана бәсекеге қабілетті болады», - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі Чхон ЧонГи мен оның әріптестеріне пандемия кезінде Алматы тұрғындарына көрсеткен көмегі және COVID-19 жасаған диагностикасы үшін алғысын білдірді.

SMF төрағасы Чхон ЧанГи өз кезегінде Seegene диагностикалық тестілеуі пандемия кезінде оң нәтиже бергенін атап өтті. Медициналық концерннің жоғары тиімді технологиясы сапалы әрі жаппай талдау жүргізуге мүмкіндік берді: Оңтүстік Кореядағы коронавирустық сынақтардың 50%-ын және Сеулдегі сынақтардың 60%- дан астамын бір мекеме-Seegene медициналық қоры өңдеді. SMF жұмысының арқасында Оңтүстік Кореядағы дүниежүзілік пандемия кезіндегі өлім деңгейі басқа елдермен салыстырғанда ең төмен деп танылды. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2166 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Казахстанские хакеры работают на НАТО?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить