Алматыда жер сілкінісі болжамдары талқыланды

Алматыда «Орталық Азиядағы жер сілкінісінің болжамы, сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау» тақырыбында XI Қазақстан-Қытай халықаралық симпозиумы өтуде.

 

Аталған іс-шараға жетекші ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, инженерлер, 9 елден келген ғалымдар қатысуда. Симпозиумның мақсаты – табиғи апатқа байланысты тәуекелдерді азайту, Қазақстан аумағымен қатар өзге елдерде де ықтимал жер сілкінісінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Сейсмикалық төзімділік және зерттеу орталығының директоры Еркен Алдахов паспорттау нәтижелері мен эксперименттік зерттеулер деректері негізінде Алматы қаласының тұрғын үй қорының сейсмикалық тәуекелі мен сенімділігін ықтималды бағалау мәселелеріне тоқталды. Ол әртүрлі типтегі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін эксперименттік зерттеу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту әдістерін жетілдіру, сейсмикалық қауіп пен қатерді бағалаудың болжамды әдістері мен процедураларын жетілдіру туралы айтты.

Оның баяндамасында сейсмикалық қауіпті бағалау талаптарына, оның ішінде сейсмикалық қауіпті аумақтағы қала ретінде Алматы қаласына ерекше назар аударылды. Бұл – инженерлік зерттеу жүргізу, тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту, еліміздің елді мекендерін жер сілкінісінен қорғау жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу және басқалар.

Сондай-ақ, симпозиум аясында табиғи және техногендік жер сілкіністерінен келтірілетін залалды азайту әдістері мен технологияларын енгізу, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде жер сілкінісіне төзімді құрылыс сияқты негізгі проблемалар мен өзекті мәселелер талқыланды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2275 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2445
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3201
Forbes Video

Досым Сатпаев: продукты системы Назарбаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить