Астанада 2027 жылға дейін 65 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр

Астанада қазіргі уақытта жалпы білім беретін 171 мектеп бар, оның 101-і – мемлекеттік, 63-і – жекеменшік, жетеуі – республикалық маңызы бар мектеп. Алайда, мектеп жасындағы балалар санының өсуіне байланысты оқушы орындарына деген қажеттілік артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін елордада жаңа оқу орындары салынып жатыр. Оның жұмысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазір елорда мектептерінде 261 мыңға жуық оқушы білім алып жүр. Биыл бірінші сыныпқа 28 556 бала барды.

«Оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт жыл ішінде елордада 39 мектеп салынды.
Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүргізіліп жатыр. Аталған оқу орындары 82 200 мың оқушы орнын (екі ауысымды) құруға мүмкіндік берді.

Қосымша оқушы орындарын ашу үшін биылғы оқу жылында 16 600 орындық қосымша 11 мектеп салынады, оның төртеуі ашылды, ал жеті мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.

2024 жылы 12 600 оқушыға арналған екі ауысымды 10 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Осы жұмыс аясында 2024-2025 жылдары 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады.

2025 жылы 57 168 орынға арналған екі ауысымда 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Қала әкімдігі 2024-2026 жылдарға арналған мектеп құрылысын іске асыру жоспарын қосымша қалыптастырды, 20 жер учаскесі бекітілді. 2023-2026 жылдар аралығында барлығы 177 200 оқушыға арналған 65 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қабылданған шаралар мектептердің шамадан тыс жүктемесін шешіп қана қоймай, болашақта орын тапшылығы мәселесін толығымен жояды», - деді спикер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3219 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить