Астанада 15 жаңа оқушылар сарайы ашылады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Алдағы екі жылда 5 заманауи Оқушылар сарайы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада балалардың 79,9%-ы қосымша біліммен қамтылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті.

Сонымен қатар, Астанада мектеп оқушыларын толықтай 2029 жылға дейін қосымша білім берумен қамтамасыз ету үшін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр, оның бесеуі алдағы екі жылда салынбақ.

Сонымен қатар білім беру мекемелерінде оқушылар мен олардың ата-аналарына жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіледі. Биылғы оқу жылында «Отбасылық бақыттың жылуы» атты жаңа жоба енгізіліп жатыр, оның аясында әр айдың соңғы сенбісінде түрлі мамандардың (мектеп әкімшілігі, ПМПК, қамқоршылық кеңес, заңгерлер, психологтар, пән мұғалімдері, логопедтер, денсаулық сақтау мамандары және т.б.) консультативтік көмегін ұйымдастыру мақсатында ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізілетін болады.

Сондай-ақ қазан айында әдістемелік орталық базасында ата-аналар мен білім алушыларға тегін психологиялық консультациялық көмек көрсету бойынша кабинеттер ашылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3316 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Юрий Негодюк - о кофе, налогах и тромбоне

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить