Елордада 60 мемлекеттік балабақша салынады

Елордада жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны артып келеді. Оған туу көрсеткіші және көші-қон процесіне оң әсер етіп отыр.

Осыған байланысты елорда балабақшаларында орналастырылатын мемлекеттік тапсырыс та артып келеді. Биыл ол төрт еседен астам өсті. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда Астанада 66 164 баланы қамтитын 525 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 100-і – мемлекеттік, 424-і – жекеменшік, үшеуі – ведомстволық. 2023 жылы екі жастан бастап мектеп жасына дейінгі балалар санының өсуіне байланысты балабақшаларда қажетті орындар саны 26 563-ті құрады.

«Қазіргі кезеңде ИНДИГО электрондық порталында кезекке 60 971 мектепке дейінгі жастағы бала тіркелген, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 41 818 бала. Қала әкімдігі биыл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 224 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда 10 317 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырды», - деп хабарлады Есет Байкен.

Осылайша, биыл қаланың мектепке дейінгі мекемелерінде мемлекеттік тапсырыс өткен жылмен салыстырғанда төрт еседен астам өсті. Бұл деңгей жыл сайын сақталады.

Бұдан басқа, жеке инвестициялар есебінен 17 балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ бюджеттік-инвестициялық жобалар есебінен 60 мемлекеттік балабақшаны жобалау басталды.

Сонымен қатар, биыл қыркүйек айынан бастап елордадағы 4 балабақшада (№ 54, № 60, № 66, № 95) және 4 шағын орталықта (№ 8, № 11, № 30, № 76) эмоционалдық-еріктік және мінез-құлық бұзылыстары бар (аутизм) балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3271 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Еркин Татишев: про победу в конкурсе, январские события, образование и проблемы бизнеса

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить