Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен өзара саудасы 2022 жылы шамамен $61 млрд құрады

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысты. Жиын барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ШЫҰ шеңберінде электрондық сауданы дамыту мәселелері талқыланды.

«ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Ұйым өз шекараларын кеңейтуді жалғастыруда. Бұл оның аймақтағы және әлемдегі халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді», - деді Т.Жақсылықов.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасын іске асыру барысына назар аударды.

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен өзара саудасы 2022 жылы $60,8 млрд құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға жоғары

Экспорт - $29,5 млрд.

Импорт - $31,3 млрд.

Экономикалық ведомстволардың өкілдері сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және цифрлық экономика саласындағы мәселелерді ілгерілетуде бірлескен күш-жігерді арттыруға келісті.

Сонымен қатар, Кеңес барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.Жақсылықов Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасында екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша, сондай-ақ ЕАЭО, ТМД, ТМҰ, СПЕКА және т.б. шеңберінде жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара сауда көлемін $2 млрд. дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бірлескен іс-қимылдар арқасында біз осы мақсатқа қол жеткізетінімізге сенімдімін. А.ж. 7 айда елдер арасындағы өзара сауда көлемі $757 млн. құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13%-ға жоғары», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Іс-шара қорытындысы бойынша Кеңестің кезекті отырысының хаттамасына қол қойылды және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі перспективалар мен шаралар туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3659 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить