Қазақстан елшісі Аустрияның федералдық президентіне cенім грамоталарын тапсырды

 Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамоталарын тапсырды.

Хофбург сарайында өткен салтанатты рәсімде ҚР Елшісі Аустрия Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде, Федералдық Президент жақында Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Мемлекет басшысымен өткен кездесуін атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер бойынша ұстанымдардың ортақтығын, оның ішінде теңізге шыға алмайтын елдер ретінде өзара қолдауды, ЕҚЫҰ институтын нығайту қажеттігін, сондай-ақ заманауи геосаяси сын-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндіктерін атап өтті.

Орталық Азия аймағының маңыздылығын ескере отырып, тараптар жоғары деңгейде өзара сапарларды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылауға келісті.

Кездесу соңында Аустрия Президенті Елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2436 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Стрит-арт культура в Казахстане. Есть ли будущее?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить