Қазақстан мен Германия компаниялары қосарланған салық салусыз жұмыс істейді

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында 1998 жылғы желтоқсаннан бастап Табыс пен мүлікке салынатын салыққа қатысты қосарланған салықты болдырмау туралы келісім қолданылады.

​Келісім екі ел резиденттерінің табыстарына қосарланған салық салуды жою арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге, елдер арасындағы инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

​ Бүгінгі күні елімізде герман капиталының қатысуымен 1000-нан астам жұмыс жасап тұрған кәсіпорындар бар, олардың ішінде «Linde AG», «Heidelberg Cement», «BASF», «Knauf», «Siemens», «Wilo», «Metro Cash and Carry», «CLAAS» және басқалары.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Келісімді қолдану шеңберінде Қазақстаннан Германияның 800-ден астам резидентіне шамамен 100 млрд. теңге сомасында кірістер төленді, олар бойынша төмендетілген салық мөлшерлемелері және салық салудан босату қолданылды.

​Келісім шеңберінде екі елдің салық қызметтері арасында өзара келісу рәсімі түрінде салық дауларын шешу тетігін көздейді.

​​​ ​ Сондай-ақ, ҚР Салық кодексінде өзара келісудің ұқсас рәсімі көзделген. Тұлғалар даулы мәселелерді шешу үшін шет мемлекеттің құзырлы органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге құқылы.

Қазақстан алдағы уақытта да бизнес ахуалды және инвестициялық тартымдылықты жақсарту мақсатында екі елдің салық органдарының ынтымақтастығын дамытуды жоспарлап отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3913 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить