Тоқаев Linde GmbH компаниясының аға вице-президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Linde GmbH компаниясының Таяу Шығыс, Еуропа және Африка бойынша аға вице-президенті Оливер Пфаннмен әңгімелесу барысында газ және инженерлік технология салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Linde GmbH арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптады. Бұл келісім бойынша еліміздің мұнай-газ химиясы саласында қазіргі және келешектегі жобаларды іске асыру көзделген.

Бұған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Linde компаниясы өз технологиясы негізінде полиэтилен өндірісінде қолданылатын этанды ыдырату (крекинг) және ауаны бөлу (азот, техникалық ауа) қондырғыларының кеңейтілген базалық жобасын әзірлеп жатыр.

Президентке қуаты жылына 1,3 миллион тонна болатын карбамид өндірісіне қатысты жобаға компанияның бірлесе инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған өндірістің мұнай химиясы өнеркәсібін дамытуға ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де маңызы зор екенін, әсіресе өндірілетін тыңайтқыштың күріш пен дәнді дақылдарды өсіру кезінде кеңінен қолданылатынын атап өтті.
Оливер Пфанн аймақтық нарықтың келешегі зор екеніне назар аударып, Linde компаниясы Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласында инновациялық және орнықты шешімдерді іске асыру үшін ұзақмерзімді әрі табысты ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Linde GmbH – машина жасау, сондай-ақ өнеркәсіп газдарын жобалау және өндіру саласындағы жетекші әлемдік компания.

Былтыр компанияның жылдық айналымы 33,36 миллиард еуроны құрады.

Компанияның дүниежүзіндегі кәсіпорындарында 60 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Осыған дейін Қазақстан мен Германия Президенттері көпжақты ынтымақтастықты нығайта түсуге уағдаласқаны туралы жаздық.

Еске салсақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды.

Президент Германия Канцлері Олаф Шольцтің ведомствосына барып, бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.

Келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде пікір білдірді. Өзара айыптауларды тоқтатып, іскерлік келіссөздер жүргізуге шақырды.

Қазақстан мен Германияның ірі және орта бизнестері арасында маңызды коммерциялық келісімдер бекітілді.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Президент жүргізілген келіссөздер қазақ-герман қатынастарын одан әрі нығайтуға екі тараптың ниетті екенін тағы да растағанын атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4117 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3797
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить