Ерғали Бахаев ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы болып Ерғали Бахаев тағайындалды, деп хабарлайды  министрліктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Е.Бахаев бұрын ҚР ТЖМ Штаб-департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды. Ол Ерғали Бахаевты Төтенше жағдайлар жүйесінің ерекшеліктерін білетін тәжірибелі және сауатты маман ретінде сипаттады.

Ерғали Бахаев 1973 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Техникалық-құқықтық сараптама» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «Ұлттық Ұландағы менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі.

Азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді, қызмет жолын ҚР ТЖМ әскери бөлімі құтқару взводының командирінен бастады. Одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде қызметін жалғастырды. 2018-2020 жылдары – Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары болған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4741 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Как заработать на козах

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить