2 мың доза тәркіленді — Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан

Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордалық полицейлер ойын-сауық орындарына есірткі жеткізумен айналысқан жас жұбайларды анықтады.

Астана тұрғынына тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын мефедрон есірткі заты салынған қағаз қапшық, орауыш ыдыстар мен есірткі заттарын қаптауға арналған құрылғылар тәркіленген.

Одан әрі ерлі-зайыптылардың Бектұрова көшесіндегі тұрғылықты жерін тінту кезінде ас үй шкафынан салмағы 350 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар сөмке табылған. Тәркіленген синтетикалық мефедрон есірткінің жалпы салмағы 558 грамм немесе шамамен екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушылардың бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елордалық полицейлер жыл басынан 750 есірткі қылмысын анықтап, салмағы 262 келі болатын есірткі тәркілеген, оның ішінде 43 келі “синтетика” болған.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1969 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить