Сенаторлар Түркі инвестициялық қорын құруға қатысты заңды талқылайды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 5 қазан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі

Соған сәйкес сенаторлар Палата отырысында «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл қор өңірішілік сауданы кеңейтуді және экономикалық қызметке қолдау көрсету арқылы ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпал етуді көздейді.

Сонымен қатар депутаттар алдағы бейсенбіде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Аталған Келісім көші-қонды бақылаудың тиімділігін арттыруға және екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етпек.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1890 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить