Алматыда 6 жасар бала үйдің шатырынан құлап мерт болды

Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы полициясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, кейбір БАҚ жазғандай бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған.

Еске сала кетсек, елордада балаларға қатысты бірнеше қайғылы факті болды.

21 қыркүйекте Астанада оқушы жоғарғы қабаттан секіріп мерт болған еді.

Ақпаратта айтылғандай, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылған.

Одан бөлек, 25 қыркүйекте Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназияның оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлап кеткен болатын.

Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды. Қазіргі уақытта бала ауруханада ем алып жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2701 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3206
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить