Жоғары білімді қолжетімді ету: «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бала туу көрсеткішінің көбеюіне байланысты болашақта білім беру жүйесіне түсетін жүктеменің едәуір артатынын атап өтті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау аясында азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

Премьер-Министр «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу мәселесі қазақстандық отбасылардың барлығына қатысты екенін атап өтті.

«Онда мемлекеттен берілетін бастапқы капитал, ата-аналардың ерікті салымдары, инвестициялық кіріс және мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Осылайша, жеңілдетілген білім беру несиелерінің интеграциясын ескере отырып, “Келешек” бірыңғай ортақ жинақтау жүйесінде мемлекеттік қолдау шаралары шоғырландырылатын болады. Оқуға түскенше жинақталған қаражат жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етуге мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар 2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар саны айтарлықтай өседі деп күтілуде.

Бұл ретте гранттар санын арттыру олардың көбін жоғары біліммен қамтуға мүмкіндік бермейді.

«Келешек» осы мәселелерді шешуге көмектесуі керек. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы ресурстарды шоғырландыру және мемлекет, бизнес, оқу орындары мен азаматтар арасында жауапкершілікті бөлу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бірінші мамандықты алғанға дейін балаларды толық қолдауға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр «Келешек» жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін атап өтті. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3012 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3206
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить