ҚР-да электрокөлік көбейіп келеді: бір жылда 10 есе көбейді

2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, елімізде 4,4 млн жеңіл автокөлік тіркелді, бұл былтырғыдан 15,2% көп, деп хабарлайды energyprom.kz.

Елдегі көліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді: 3,9 млн. Сондай-ақ дизельдік отынмен — 83,2 мың автокөлік, газ баллонды отынмен — 5,4 мың, электр энергиясымен — 4,7 мың, аралас отынмен (бензин, газ баллонды отын және электр қозғалтқышты) — 366,4 мың автокөлік тіркелген. 90,8 мың көліктің тіркеу кезінде жанармайдың түрі көрсетілмеген.

Ең бастысы, тіркелген электр көліктерінің саны 10,4 есе, бензинмен жүретін көліктер саны 14,9%, дизельді көліктер 12,2%, газбен жүретін көліктер 38,2%, аралас көліктер саны 19,3% көбейген.

Дегенмен, Қазақстандағы электркөліктердің үлесі жалпы көлік санының 0,11%-ын ғана құраған. Алайда былтыр бұл көрсеткіш тіпті 0,01% ғана болған.

Өңірлер бойынша ең көп электрокөлік Алматыда тіркелген: 2,8 мың, бір жыл бұрын 40 электрокөлік қана болған. Жылдық өсім 68,8 есе. Оңтүстік астанадағы мұндай көліктердің үлесі бір жыл бұрын 8,9% болса, қазір 59%.

Екінші және үшінші орында Астана (бір жыл бұрын 12 электрокөлік, қазір 550) және Алматы облысы (бір жыл бұрын 1 ғана электрокөлік болса, қазір 208).

Электр қозғалтқышы бар көліктер ең аз өңір Абай (8), Солтүстік Қазақстан (14) және Жетісу (21) облыстары.

Электрокөліктердің жаһандық сатылымы өсуде, дейді ev-volumes сарапшылары. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 6 млн жаңа BEV* және PHEV** жеткізілді — бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 40% көп. Бұл көліктердің 4,27 млн-ы BEV, 1,76 млн-ы PHEV болды.

BEV және PHEV сатылымдарындағы компаниялардың арасында қытайлық BYD Auto әзірше көшбасшы. Одан кейін Tesla Ins, VW Group, Stellantis, GM incl, Wuling.

Tridenstechnology.com сайтының мәліметінше, 2022 жылы ең көп сатылған электромобиль Tesla Model Y болды: 771,3 мың электрокөлік. Екінші және үшінші орында BYD Song Plus (477,1 мың электрокөлік) және Tesla Model 3 (476,3 мың электрокөлік).

* батареямен жұмыс істейтін электрокөлік
** қосылатын гибрид

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2091 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3206
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить