Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін елімізде 4 жолақты жолдарды көбірек салу жоспарланып отыр

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері тақырыбында өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев Қазақстанда автомобильдердің қарама-қарсы соқтығысуын болдырмау үшін республикалық маңызы бар 3 мың шақырым жол I техникалық санатқа ауыстырылып, бөлу жолақтары мен тосқауылдары орнатылғанын хабарлады.

«Алдағы уақытта қозғалыс қарқындылығына қарамастан қалалар арасында 4 жолақты қозғалысы бар 4 мың шақырымнан астам республикалық автожол салу жоспарланған. Бұл «Жезқазған-Қарағанды», «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Қызылорда», - деді баяндамашы.

Құрылыс кезеңінде жол-көлік апаттарының санын азайту үшін министрлік бірқатар жүйелі шара қабылдауда. Мәселен, жолдарды бөлек салу мәселесі нормативті түрде бекітіліп, бұл уақытша айналма жолдарда жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл норма жобаланып отырған «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» және «Қарағанды-Жезқазған» жобаларында алғаш рет іске асырылатын болады.

Сонымен қатар Т.Ластаев халықаралық қаржы институттарының қарыздары есебінен қаржыландырылатын жол жобаларында EuroRAP консультанттары міндетті түрде жол қауіпсіздігін бағалау жұмыстарын жүргізетінін айтты. ХҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым республикалық автожол тексерілді. ЕҚДБ қарызы шеңберінде тағы 5 мың км бағалау жұмыстары жалғасатын болады. Жол қауіпсіздігін бағалауды жүргізу жұмыстары «Балқаш-Бурылбайтал» және «Қызылорда-Жезқазған» қайта құру жобаларында көзделген. Болашақта мұндай жұмыстарды басқа жобалар шеңберінде де жүргізу жоспарлануда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1837 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3206
Forbes Video

Президент авиакомпании Питер Фостер — о доходах в кризис, новых рейсах и развитии FlyArystan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить