Қазақстанда шағын өнеркәсіп аймақтарын ашу жоспарлануда

 Қазақстанда шағын өнеркәсіп аймақтарын ашу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

«Министрлік «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жоба дайын өндірістік үй - жайларды салу үшін жеңілдетілген несие беруді көздейді. Аталған құрылыстар еліміздің барлық өңірлерінде салынатын болады, онда тек өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілері ғана орналасатын болады. Өңірлердің әкімдіктеріне «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу үдерісін жеделдету қажет деп санаймын», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін елімізде 14 арнайы экономикалық және 35 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі күні АЭА шеңберінде 24 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып 2,8 трлн теңгеге 325 жоба іске асырылды. Индустриялық аймақтардың аумағында 12 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен 900 млрд теңгеге 226 жоба іске қосылды. Бұдан басқа, қосымша 9 трлн теңгеге 346 жоба іске асыру сатысында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1861 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить