Астанада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы жанданады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қашан басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астананы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарға баса назар аудара отырып дамытып жатырмыз.

Мәселен, елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы 2017 жылы тоқтап қалған.
Осы 6 жылда жекеменшік балабақшаларға арналған мемлекеттік тапсырыстар бөлінді. Дегенмен тұрғындар санының өсуін ескерсек, қалада әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік байқалады.

Сол себепті мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдадық.

Қазір ішкі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз: жер учаскелерін анықтап, инженерлік желілер мен басқа да қажетті инфрақұрылымның дайындығын қарастырамыз.
Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қаржыландыруды жоспарлайтын боламыз. 60 жер учаскесін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Оларды кезең-кезеңімен саламыз.

Сол сияқты жекеменшік балабақшаларға да жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар бөлетін боламыз. Мысалы, биыл жекеменшік балабақшаларға 10 мың 300 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда орындар саны 5 еседен астам өсті.

Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 17 балабақша салынып жатыр.

Сонымен қатар, мектеп құрылысына да баса назар аударамыз. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен 2027 жылға дейін Астанада 180 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымда) арналған 65 мектеп салынады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1754 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
21 декабря родились
основатель и совладелец Chocofamily Holding
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить