Субсидиялаудың жаңа ережелері: Жылыжай шаруашылықтары энергия ресурстары мен тұқымға субсидия алады

Құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған, 2023 жылдың 3 қазанынан бастап күшіне енеді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жылыжай шаруашылықтары жылынатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері мен фермерлік жылыжайларда өсірілетін қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына маусымаралық кезеңде электр энергиясына, көмірге және газға арналған шығыстарды субсидиялау арқылы мемлекеттен қолдау ала алады. Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады.

Субсидиялар алу кезінде фермерлік жылыжайларға қойылатын міндетті талап өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы болып табылады. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ, бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі және 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді.

Сертификат алудың барлық мәселелері бойынша ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне хабарласуға болады. Сондай ақ стандарт сайтта орналастырылған www.new-shop.ksm.kz

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы ретінде жылыжай шаруашылықтарына энергия ресурстарына арналған шығыстарды субсидиялау туралы шешімді Үкімет 2023 жылдың басында Түркістан облысының фермерлері қалың қардан зардап шеккен кезде қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту үшін тыңайтқыштардың (органикалық), пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау, суармалы су беру жолымен мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жылыжай шаруашылықтарына инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығыстар субсидияланады, бұл ретте субсидиялауды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Тұқымға субсидиялар 30%-ға ұлғайды

Жаңартылған субсидиялау қағидаларында тұқымға арналған субсидиялар нормативтері орта есеппен 30%-ға ұлғайтылды. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы нарықтағы тұқым материалының қымбаттауымен байланысты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1896 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2464
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3217
20 декабря родились
сооснователь Meridian Capital Limited
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить