Мемлекет басшысы SANA оқушылар сарайын аралап көрді

Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады. Аумағы 7500 шаршы метр ғимаратта соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттері, жүзу бассейні, акт залы, подкаст және фото студиялары бар.

Мемлекет басшысы Lego құрастыру, роботты техника, 3D-модельдеу және қыш өнері, ұрмалы аспаптар, домбыра үйірмесі кабинеттері мен жүзу бассейнін аралап көрді. Сондай-ақ Президент орталықтың оқытушыларымен, балалармен және ата-аналармен әңгімелесті.

– Әрбір қалада, ауданда осындай орталықтар ашылуы керек. Мен жақында бизнес өкілдерімен кездесу өткіздім. Бұл балалар үшін, өскелең ұрпақ үшін қажет. Сондықтан біз бұл мәселеге баса мән береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«SANA» жаңа ұрпақ орталығын «Damu Development Group» консорциумы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салған. Компания құрылтайшысы Абзал Сағымбаев алдағы уақытта бірнеше дамыту орталықтарын, әлеуметтік, денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1879 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2464
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3217
20 декабря родились
сооснователь Meridian Capital Limited
Forbes Video

Марат Баккулов: бизнес, который невозможно отобрать

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить