Қазақстанның Қырғызстанға жанармай жеткізуді тоқтатқаны рас па

Астанада Қырғызстан мен Қазақстан темір жолдары басшылығы кездесіп, биылғы 9 айда жүк тасымалдау көлемінің ұлғайғанын атап өтті, деп хабарлайды  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Екі ел арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 4 млн тоннаға жеткен.

Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға Транзит 11%-ға, 2,6 млн тоннаға дейін өскен.

Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт — 1,5 млн тонна, мұнда 16% өсім бар.

Тараптар бірінші кезекте Қазақстан аумағы арқылы әлеуметтік маңызы бар сипаттағы жүк транзиті бойынша бірлескен тасымалдау жоспарларын толық көлемде келіскен.

«2023 жылдың қазан айына „Қазақстан темір жолы“ ҰК» АҚ мұнай өнімдері транзитін 144 мың тонна көлемінде мақұлдаған. Бұл ретте 24,5 мың тонна мұнай өнімдері Қырғыз Республикасына жеткізіліп жатыр. Осылайша, кездесуде Қазақстан бойынша Қырғызстанға транзиттік жүктердің, оның ішінде мұнай өнімдерінің өтуі бойынша проблема жоқ екені атап өтілді. Қазақстан аумағы бойынша жанар-жағармай транзитін тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, Қырғызстан нарығында мұнай өнімдері тапшылығы туындайтыны жөнінде алаңдаушылық негізсіз», — деп жазылған компанияның ресми мәлімдемесінде.

Қырғызстан мен Қазақстанның теміржол әкімшіліктері жүктердің қозғалысын толық бақылайды және жүкті межелі жерге дейін үздіксіз және тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тығыз байланыста болады.

Қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы аумағы бойынша Қырғыз Республикасына және керісінше өтетін транзиттік жүктерді уақытылы мақұлдауды қамтамасыз етеді.

Бұған дейін қырғызстандық «Кабар» ақпарат агенттігі елде жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын, транзитпен еш мәселе жоқ екенін жазған еді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2925 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Татьяна Пятина - специалист по BDSM в IT

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить