Қазақстан Орта және Оңтүстік көлік дәліздерін дамытуды жоспарлап отыр

Бұл туралы New Silk Way VI Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында «Автокөлік қызметтерінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы панельдік сессия барысында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қуанышұлы Селим мәлімдеді

Ол жасаған баяндамасында автокөлік саласының қазіргі жағдайы және оның даму перспективалары туралы ақпарат берді. Спикер қазіргі уақытта алыс шетел бағытына 7,6 мың автокөлік құралымен қамтылған паркі бар 370 қазақстандық тасымалдаушы жұмылдырылғанын атап өтті. Халықаралық тасымалдармен қамтамасыз ету үшін 42 елмен тиісті келісімдер жасалған.

Бұдан басқа, отандық автопаркті толықтыру мақсатында халықаралық тасымалдармен айналысатын ершікті тартқыштарды бастапқы тіркегені үшін кәдеге жарату алымдарын төлеу қажеттілігі жойылды.

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша халықаралық бағытта 6,4 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 8,7%-ға артық. Бұл ретте отандық жүк тасымалдаушылардың үлесі бір жылда 31-ден 42 пайызға дейін өсті.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, алдағы уақытта уәкілетті мемлекеттік орган Орта және Оңтүстік дәліздердің баламалы бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл үшін Каспий және Қара теңіз порттары жұмылдырылатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2833 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Антон Долин: отъезд из России, коллеги по «Вечернему Урганту», русское кино во время войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить