Страсбургтағы Қазақстанның Бас консулдығының қолдаумен Лотарингия мұражайы алғаш рет Қазақ мемлекеті туралы зерттеу үшін XVI ғасырдың сирек кездесетін глобусын, ал Страсбургтың ұлттық кітапханасы қазақтардың тарихы туралы ортағасырлық атластар мен карталарды көрсетпек.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, мұражай Францияның шығысында Нанси қаласында, Лотарингия герцогтарының тарихи Сарайында орналасқан. Картография контекстінде мұражайдың басты асыл тасы – «Нанси глобусы», герцог Карл IV тапсырысы бойынша күміс пен алтыннан ортағасырлық кубогы түрінде жасалған. Оның сыртында сол кездегі еуропалықтарға белгілі мәліметтер мен жаңалықтарға негізделген түбегейлі географиялық сипаттамасы бар.
Мұражай жәдігерінің сақтаушысы Пьерр-Ипполит Пэнэ, Бас консул Әнуарбек Ахметовпен және қазақ ғалымы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен әңгімелесу барысында ғылыми және мәдени тұрғыдан Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
«Біздің алмасуларымыз нәтижелі болады деп үміттенеміз. Тарих пен мәдениет туралы одан да көп білім беру арқылы біз мұражайларда бар бірегей артефактілер мен жауһарларды танымал ете аламыз деп сенеміз. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және ашықпыз. Сирек глобусымыз сіздің еліңіздің бірегей тарихын айқын көрсетуге және қазақтардың назарын аударуға мүмкіндік беретді», – деді П. Пэнэ.
Франциядағы маңыздылығы мен кітап қоры бойынша екінші орында тұрған XVI-XVIII ғасырлардағы бірегей атластары мен карталары бар Страсбургтың ұлттық кітапханасы біздің ғалымдар мен дипломаттар үшін Қазақ мемлекетінің географиялық орналасуы, оның аймақтағы саяси және экономикалық ықпалы туралы құнды мәліметтерді қамтитын өз қоймаларын ашты. Еуропа орталығында ежелгі жол қиылысында орналасқан Страсбург кітапханасында құнды кітаптар мен артефактілердің бай жинақтамасы бар.
Кітапхананың Ғылыми саясат және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Кристоф Дидье Қазақстанға тарихын зерттеуге жәрдемдесу үлкен мәртебе екенін айтып, ғылыми, мәдени және гуманитарлық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.
«Біз Қазақстанмен бірлескен жобаларды қарастыруға дайынбыз және келешекте де ынтымақтастығымыз арта түседі деген үміттеміз. Сіздерге пайдалы болатын кітапхананың бірегей тарихы мен үлкен әлеуеті бар», – деп атап өтті К. Дидье.
Вам может быть интересно: «В Азербайджане задержаны три экс-президента непризнанного Нагорного Карабаха»
